Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерiне
әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерi бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2005.05.09. № 896 Қаулысымен ҚР Парламентi Mәжілісінің қарауына енгiзiлді
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:
1. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетiн мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат):
1) 1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік базаның әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар) - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектiк туындаған кезде, асыраушысынан айырылған кезде және жасына байланысты берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер.";
2) 12-бапта:
1-тармақта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"бiрiншi топтағы мүгедектерге тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетiн 1,43 ең төмен күнкөрiс деңгейi;";
үшiншi абзацта "7,5 айлық есептік көрсеткiш" деген сөздер "1,11 ең төмен күнкөрiс деңгейi" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзацта "5 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "0,78 ең төмен күнкөріс деңгейi" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi абзацта "7 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "1,04 ең төмен күнкөрiс деңгейi" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацта "10 айлық есептік көрсеткiш" деген сөздер "1,43 ең төмен күнкөрiс деңгейi" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi абзацта "8 айлық есептік көрсеткiш" деген сөздер "1,17 ең төмен күнкөрiс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;