Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң
мәртебесі және оларды әлеуметтiк қорғау туралы» заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 973 Қаулысымен ҚР Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзілді
1-бап. "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ведомостерi, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; № 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостерi, 1997 ж., № 7, 79-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 920-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) барлық мәтiн бойынша "әскери қызмет", "әскери қызметті", "әскери қызметтен", "әскери қызметке" деген сөздер тиiсiнше "әскери қызмет", "әскери қызметті", "әскери қызметтен", "әскери қызметке" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) барлық мәтiн бойынша "әскери жиын", "әскери жиындардың" деген сөздер тиiсiнше "әскери жиын", "әскери жиындардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Әскери қызметшілер мәртебесi бар адамдар.
Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда мемлекеттік әскери қызметте тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметшiлер болып табылады.
Оларға әскерге шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызмет ескеретiн әскери қызметшілер, сондай-ақ әскери жиындарға шақыру кезеңiнде әскери мiндеттілер жатады.
Азамат әскери қызметке белгіленген (шақырылған, кiрiскен) күннен бастап әскери қызметші мәртебесіне ие болады және одан босатылуына байланысты әскери бөлiмнiң тiзiмiнен шығарылған күннен бастап айырылады.