Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қазандағы № 1061 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 21 октября 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 21 октября 2005
Дата последнего измененияпятница, 21 октября 2005

«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 13 қазандағы
№ 1050 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қазандағы № 1061 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 37, 497-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзілсiн:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Есiмовке жүктелсін.";

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында:

5-бағанда:

реттiк нөмiрi 3-жолда "2005 жылдың II тоқсаны," деген сөздер "2005 жылдың IV тоқсаны," деген сөздермен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 10-жолда "II тоқсаны" деген сөздер "IV тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 12-жолдың 2-бағанында "220" деген сандар "160" деген сандармен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 31-жолда:

3-бағанда "Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы" деген сөздер "Бұйрық" деген сөзбен ауыстырылсын;

4-бағанда ", Қорғанысминi, IIМ, АШМ, ҰҚК (келісім бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;

реттік нөмiрi 47-жолдың 4-бағанында "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi" деген сөздердiң алдынан "ДСМ," деген аббревиатурамен толықтырылсын;

реттік нөмірі 113-жолдың 5-бағанында "І тоқсаны" деген сөздер "IV тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами