«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тізілімдерінің жүйесін жүргізу
қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы» 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 265 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы № 389 Қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 121 қаулысымен күші жойылды
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына, 3-бабы 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына және "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: