Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1469 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 16 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 6 января 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 28 июня 2010

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1469 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 16 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 157 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жығы 13 қазандағы № 1050 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Республикада медициналық білім беруді одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1469 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 48, 450-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығымен бекітілген «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» деген сөздермен ауыстырылсын;

бүкіл мәтін бойынша», білім және спорт» деген сөздер алынып тасталсын;

1-тармақтың екінші абзацы «алмай-ақ» деген сөзден кейін «және коммуналдық төлемдер өтелмей» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақтың екінші абзацы «мамандықтары бойынша» деген сөздерден кейін», 2006/2007 оқу жылынан бастап «стоматология» және «шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылатын ауруханалардың, емханалар мен дәрігерлік амбулаториялардың тізбесінде:

«Қазақ мемлекеттік медицина академиясының клиникалық базалары» деген бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола өңірлік темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық психиатриялық ауруханасы;

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық онкологиялық диспансері;

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық тері-венерологиялық диспансері;

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық туберкулезге қарсы диспансері;

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің № 2 қалалық ауруханасы;

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық перинатальдық орталығы;

Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облыстық балалар ауруханасы;

Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай перзентханасы;

Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансері;

Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облыстық тері-венерологиялық диспансері;

Қостанай облысы әкімдігі Қостанай қаласының жедел шұғыл медициналық жәрдем станциясы;

Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай қалалық ауруханасы»;

«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының клиникалық базалары» деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Айқап» отбасылық дәрігерлік амбулаториясы»;

«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының клиникалық базалары» деген бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

«Қ.А. Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің клиникалық базалары:

«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Түркістан қалалық орталық ауруханасы;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Түркістан қалалық балалар ауруханасы;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Түркістан туберкулезге қарсы диспансері;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Түркістан тері-венерологиялық диспансері;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кентау қалалық орталық клиникалық ауруханасы;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кентау қалалық перзентханасы;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кентау қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кентау қалалық туберкулезге қарсы диспансері;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кентау тері-венерологиялық диспансері;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кентау қалалық психо-неврологиялық диспансері;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық клиникалық ауруханасы;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің психоневрологиялық диспансері;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық офтальмологиялық ауруханасы;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық эндокринологиялық диспансері;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық туберкулезге қарсы диспансері;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық балалар ауруханасы;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық тері-венерологиялық диспансері;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық онкологиялық диспансері;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шымкент қалалық № 2 балалар ауруханасы;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шымкент қалалық № 5 емханасы;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шымкент қалалық № 3 балалар емханасы;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасы;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы;

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Сот медицинасы орталығының Оңтүстік Қазақстан филиалы».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами