«Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық
шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2002 жылы 27 қыркүйектегі № 145 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 34 Бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 131 Бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексіне (Салық кодексі) сәйкес, сондай-ақ «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылы 27 қыркүйектегі № 145 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 1987 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2002 жылы № 41-42 бюллетенінде, 721-құжат жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: