«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының
Yкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар - Тәжікстан Республикасының
аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының
еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы және еңбекші-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы
азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімге
қол қою туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы № 359 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріп отырған Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар - Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы және еңбекші-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметінің арасындағы Еңбекші-мигранттар - Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы және еңбекші-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімге қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |