Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2006 жылғы 18 мамырдағы № 2 Қаулысы
(2017.17.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И. Рогов, Кеңес мүшелері Х.Ә. Әбішев, Қ.Ж. Балтабаев, Н.В. Белоруков, С.Ф. Бычкова, А.М. Нұрмағамбетов, Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
өтініш субъектісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Р.Т. Шырдабаевтың, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Н.Ш. Жолдасбаева мен О. Сәпиевтің,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері - Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары P.C Жошыбаевтың, Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі С.П. Нұғымановтың, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың,
Сыртқы істер министрлігінің өкілі - халықаралық-құқық департаментінің директоры З.А.Аманжолованың қатысуымен,
өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентінің бір топ депутаттарының Конституцияның 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.
Конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі Ү.М.Стамқұловтың хабарлауын, өтініш субъектісі өкілінің және отырысқа қатысушылардың сөздерін, сондай-ақ сарапшы - заң ғылымдарының докторы, профессор М.А.Сәрсембаевтың қорытындысын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық және конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.О.Құлжабаеваның пікірін тыңдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны
анықтады:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне 2006 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламентінің бір топ депутаттарының Конституцияның 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті.
Өтініш субъектісі мынадай сұрақтарға жауап қайтаруды сұрайды: