«Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы
2 қазандағы № 33/251 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2006 жылғы 22 тамыздағы№ 71-139 Қаулысы
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 13/210 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазакстан Республикасы Конституциялық заңы 12-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1484 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтері, ауылдары (селолары), кенттері әкімдерінің сайлауын өткізу ережесінің 78-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 130 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің сайлауын өткізу ережесінің 64-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы № 33/251 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 932 тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 17 акдандағы № 97/118 және 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 155/221 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен) мынадай толықтырулар енгізілсін:
қаулының тақырыбы мен 1-тармағы «мәслихаттарының депутаттарын» деген сөздерден кейін «, әкімдерін» деген сөзбен толықтырылсын;
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесінде: