Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 қазандағы № 1004 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 18 октября 2006
Статус
Действующийвведен в действие с 18 октября 2006
Дата последнего изменениясреда, 18 октября 2006

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 қазандағы № 1004 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

1) көрсетілген қаулыға 7-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында, реттік нөмірі 2-жолдың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«- мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелер қызметкерлерінің санын айқындау жөніндегі нормативтерді әзірлеу.«;

7-тармақта:

«Тікелей нәтижелері» деген абзацта:

«1500», «4», «12» және «1000» деген сандар тиісінше «4930», «6», «14» және «1400» деген сандармен ауыстырылсын;

«- ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері жөнінде бюллетеньдер дайындау - 1000 дана» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«- мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелер қызметкерлерінің санын айқындау жөніндегі нормативтерді әзірлеу.«;

2) көрсетілген қаулыға 8-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында, реттік нөмірі 2-жолдың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«- зертхананы жарақтандыру үшін қорғалған орындаудағы сертификатталған АЖО компьютерлерін сатып алу - 2 бірлік.«;

7-тармақтың «Тікелей нәтижелері» деген абзацында «шуыл генераторлары - 89 бірлік, бұл ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарымен жарақтандыруға жататын мемлекеттік органдардың сұрау салуы жалпы санының 26%-ын құрайды;» деген сөздерден кейін «зертхананы жарақтандыру үшін қорғалған орындаудағы сертификатталған АЖО компьютерлері - 2 бірлік;» деген сөздермен толықтырылсын;

3) көрсетілген қаулыға 9-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағаны мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) Шредер сатып алу.«.

7-тармақтың «Тікелей нәтижелері» деген абзацында «115 қызметкер үшін нысанды киім-кешек сатып алу және тігу (тозған киім-кешекті ауыстыру).« деген сөздерден кейін «Шредер сатып алу - 1 бірлік.« деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами