Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 2005 жылғы 28 шілдедегі № 786 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1258 Қаулысы (2007.09.11. берілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасуббота, 23 декабря 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 июня 2012

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 2005 жылғы 28 шілдедегі № 786 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1258 Қаулысы

(2007.09.11. берілген өзгерістерімен)

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды

 

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:

реттік нөмірі 27-1-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:

«дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтардың, секциялардың және басқа да ұйымдардың қызметі;

бірінші, екінші және үшінші санаттағы спорт құрылыстарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметі;

жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (облыстық федерациялардың) дене шынықтыру және спорт саласында қызметтер көрсетуге байланысты қызметі»;

реттік нөмірі 36-жолдың 3-бағанында «дене шынықтыру және спорт жөніндегі» деген сөздер «, дене шынықтыру және спорт саласында қызметтер көрсетуге байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 9 қарашадағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды  (ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами