Стенограмма заседания Мажилиса Парламента Республики Казахстан
(11 января 2007 года)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ
ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ
2007 жылғы 11 қаңтар
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ТҰрағасы МҰХАМЕДЖАНОВ О.Б. жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы таң, құрметті әріптестер! Тіркеуден Ұтулеріңізді сұраймын.
Тиісті жиналым бар. 77 депутаттың 60-ы қатысып отыр. Белгілі себептермен бүгінгі отырысқа қатыспай отырған депутаттар: Асанов, Әбдірахманов, Есжанов, Жалыбин, Жылқышиев, Нығматулин, Омаров, Сағадиев, Түсіпов.
Мәжілістің кезекті жалпы отырысын ашық деп жариялаймын.
Құрметті депутаттар, 1 қаңтарда әріптесіміз Ермұханбет Омарұлы Омаровтың туған күні болды. Және сол күні әріптесіміз Зейнулла Өтежанұлы Алшымбаевтың туған күні болды. 9 қаңтарда әріптесіміз Нұрпейіс Мақашұлы Мақашевтің туған күні болды. Осыған байланысты сіздердің аттарыңыздан әріптестерімізді туған күндерімен құттықтап, зор денсаулық, отбасында құт-береке тілуге рұқсат етіңіздер.
ҚОЛ ШАПАЛАҚТАУ.
ТӨРАҒА. Күн тәртібі бойынша қандай ұсыныстар бар? Депутат Баймағамбетова.
БАЙМАҒАМБЕТОВА Б.Б. Есть просьба по пятнадцатому вопросу - о проекте Закона Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Малайзии об избежании двойного налогообложения и предотвращении уклонения от налогообложения в отношении налогов на доход и Протокола к нему» докладчика господина Смаилова заменить исполняющей обязанности министра Коржовой и содокладчика (депутат Есжанов болен) заменить депутатом Баймагамбетовой.
ТӨРАҒА. Қарсылық жоқ па? Тағы қандай ұсыныстар бар? Депутат Шырдабаев.
ШЫРДАБАЕВ Р.Т. Құрметті ТҰраға! Құрметті әріптестер! Бүгінгі Мәжіліс отырысының күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Ұзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенаты арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жҰніндегі келісім комиссиясының ұсынысы туралы мәселені енгізіп, соны талқылауды Ұтінемін. Рақмет.