Введите номер документа
Прайс-лист

Жеке табыс салығы бойынша декларацияны жасау ережелері (200.00-нысан) (ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006.13.12. № 637 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 13 декабря 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 31 января 2008

ҚР  Қаржы министрлігі  2007 жылғы 19 желтоқсандағы  № 468  бұйрығымен  2008 ж. 1 қаңтардан   бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

Салық комитеті Төрағасының

2006 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 637 бұйрығымен бекітілген

 

Жеке табыс салығы бойынша декларацияны жасау ережелері
(200.00-нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және төлем көздерінен салық салынбайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс кіріс алатын жеке тұлғалардың (жеке кәсіпкерлерді қоспағанда) Жеке табыс салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау, Қазақстан Республикасындағы көздерден кіріс алатын салық төлеушілердің, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктердің шоттарында ақшалары бар жеке тұлғалардың, сондай-ақ Салық кодексінің 144-бабы 12) тармақшасында көрсетілген жеке тұлғалардың кірістерінің мөлшері аталған тармақшада белгіленген шектерден асқанда жеке табыс салығын есептеу тәртібін айқындайды.

2. Декларация Декларацияның өзінен (200.00-нысан) және жеке табыс салумен байланысты объектілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (200.01 - 200.08 нысандар) тұрады.

3. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

5. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті тор көздер толтырылмайды.

6. Қосымшаларда көрсетуге тиісті деректер болмаған жағдайда, көрсетілген қосымшалар берілмейді.

7. Декларацияға қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштер саны асып түскен жағдайында, қосымшаның осындай парағы толтырылады.

8. Тиісті қосымша нысанның көрсеткіштерін ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде, көрсетілген қосымша нысандар міндетті тәртіпте толтыруға жатады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами