Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы № 53 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 24 января 2007
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 24 января 2007

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік
мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы № 53 Қаулысы

 

Әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің бюджет қаражаты мен штат санын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЛА-155/13 мекемесі» мемлекеттік мекемесі оған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЛА-155/17 мекемесі» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЕЦ-166/24 мекемесі» мемлекеттік мекемесі оған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «EЦ-166/21 мекемесі» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:

«Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлімде:

реттік нөмірлері 9, 23-жолдар алынып тасталсын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами