«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 2 Қаулысы
ҚР Конституциялық Кеңесінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 4 Нормативтік қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И. Рогов, Кеңес мүшелері Х.Ә. Әбішев, Қ.Ж. Балтабаев, Н.В. Белоруков, С.Ф. Бычкова, А.М. Нұрмағамбетов, Y.M. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі С.П. Нұғымановтың,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Мемлекеттік құрылыс және құқықтық саясат жөніндегі комитеттің хатшысы Қ. Ахметовтың,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитеттің хатшысы К.Ә. Ағатаеваның,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың,
Қазақстанның адвокаттар одағының президенті - Ә.Қ.Түгелдің қатысуымен,
өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында тексеру жөніндегі өтінішін қарады.