Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау алқасының
2006 жылдың екінші жартыжылдығындағы азаматтық істер
бойынша сот тәжірибесіне Шолу
Соттардың салық кодексінің ережелерін қазіргі кодексті қолданысқа енгізгенге дейін орын алған құқықтық қатынастарға қолдануы, салық заңдарында салық міндеттемелерінің пайда болу, орындалу және тоқтатылу негіздері мен тәртібін анықтау мүмкіндігін білдіретін, салық салудың айқындалған қағидасына сәйкес келмейді деп таныды.
«Шығыс-Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ сотта Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің электр энергиясын сатып алу кезінде төленген нормативтен тыс шығындардан келтірілген шығынды азайту және оны ҚҚС есептеуден алып тастау туралы хабарландыруына және әрекеттеріне шағымданған.
Шығыс-Қазақстан облыстық соты азаматтық істер жөніндегі алқасының қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен өтініш жартылай қанағаттандырылды және хабарландырудың КТС-ын есептегенге дейінгі бөлігі жарамсыз деп танылды. Салық қызметі органының Компанияның 2002 жылғы шығындарын 426 319 202 теңге соммасына азайту және 1999-2001 жылдардан бастап шығындарды 285 318 905 теңге соммасында қалдыру әрекеттері жарамсыз деп танылды. Өтініштің қалған бөліктері қанағаттандырусыз қалдырылған.
Облыстық сот қадағалау алқасының 2006 жылғы 26 шілдедегі қаулысымен бұрын қабылданған сот актілері өзгертіліп, талапкердің талаптары толық көлемде қанағаттандырусыз қалдырылды.
Облыстық соттың қадағалау алқасы, электр энергиясын өндірушіден бір қуаттылықта сатып алуды және олардың тұтынушыларға басқаша таратылуын шикізат ретінде өңдеу және пайдалану ретінде бағалағандықтан, салық төлеушінің нормативтен тыс шығындар көлеміне тең келетін барлық шығындарын есептен алып тастауды негізді деп таныған.