Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 29 маусымдағы № 136 Өкімі
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына:
| Бүркітбаев Серік Мінуарұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, |
| Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, |
| Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, |
| Питер Тильс | - «Дойче Банк Франкфурт» компаниясының басқарушы директоры, Орталық және Шығыс Еуропа бойынша бас атқарушы директоры, |
| Фаузи Кириакос-Саад | - «Кредит Свис Групп» компаниясының Ресей, ТМД және Орталық Азия елдері бойынша бас атқарушы директоры |
енгізілсін;
| «Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары», |