Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 маусымдағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы Нарығын және Қаржы Ұйымдарын Реттеу мен Қадағалау Агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы № 156 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 Қаулысымен күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 маусымдағы № 136 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4301 тіркелген) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 маусымдағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 46 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4581 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесінде:
1-қосымшада:
«Атауы» бағанындағы реттік нөмірі 47-жолдағы «заемшылар тобына қатысты» деген сөздерден кейінгі «басқа да рейтинг агенттіктерінің бірінің» деген сөздер «Fitch немесе Moody,s Investors Servise агенттіктерінен (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;