Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 951 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 15 октября 2007
Статус
Утратил силу
утратил силу с 26 августа 2025

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 951 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 681 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 638-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:

«Мынадай су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа да гидротехникалық құрылыстар)» деген І-бөлімде:

1) тармақшадағы «Вячеслав» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 64), 65), 66) тармақшалармен толықтырылсын:

«64) Шабақты өзеніндегі Ынталы су қоймасы;

65) Күрті өзеніндегі Күрті су қоймасы;

66) Чаглинка өзеніндегі Чаглинка су қоймасы.»;

«Мынадай су шаруашылығы құрылыстары» деген 2-бөлімде мынадай мазмұндағы 99), 100), 101), 102), 103), 104), 105), 106), 107), 108), 109), 110), 111) тармақшалармен толықтырылсын:

«99) Солтүстік Арал теңізінің су тартқыш бөгеті;

100) Белая өзеніндегі су тартқыш бөгеті;

101) Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су тораптары;

102) Краснобор су қоймасы;

103) Шымбұлақ бөгеті;

104) Сол жағалау және Оң жағалау магистральды каналдарымен Тасқұтан су тартқыш бөгеті;

105) Құрақсу бөгеті;

106) Кобяково - Забурунье каналының бас бөлігіндегі бөгет;

107) Тоғыс су қоймасының қосымша су беретін Сол жағалау каналы;

108) Бөген су қоймасының қосымша су беретін Арыс каналы;

109) Базарбай магистральды каналы;

110) Раис магистральды каналы;

111) Қож магистральды каналы.»;

«Топтық су құбырлары» деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы 22), 23) тармақшалармен толықтырылсын:

«22) Іле ауданындағы Бозой топтық су құбыры;

23) Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген топтық су құбыры.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами