«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІII Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің кейбір нормативтік қаулыларын қайта қарау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 8 қарашадағы № 9 Нормативтік Қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И.Рогов, Кеңес мүшелері Х.Ә.Әбішев, Қ.Ж.Балтабаев, Н.В.Белоруков, В.А.Малиновский, А.М.Нұрмағамбетов, Ү.М.Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қ.Ахметовтың,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Н.Турецкийдің,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Д.Р.Құсдәулетовтың,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н.Бәйішевтің,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.О.Шәкіровтің,
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің өкілі - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Жауапты хатшысы В.К.Советскийдің қатысуымен,
өзінің ашық отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІII Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің бұдан бұрын қабылданған кейбір нормативтік қаулыларын қайта қарау туралы мәселені қарады.