Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары
(акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж.
Нәресте шүйдемен келу жағдайында өз бетімен босану
Нәресте шүйдемен келу жағдайында өз бетімен босану
Хаттама коды: H-O-023
АХЖ бойынша коды: О80 Нәресте шүйдемен келу жағдайында өз бетімен босану
Анықтамасы: Табиғи туу жолдары арқылы физиологиялық босану.
Жіктемесі : жоқ
Госпитализациялауға көрсетімдер:
Жоспарлы - мерзіміне жеткен жүктілік.
Шұғыл - толғақтың басталуы
Диагностика критерилері:
1.Шағымдар мен анамнез: іштің төменгі жағының толғақ тәрізді ауыруы.
2.Физикалық тексеру: сыртқы акушерлік тексеруде - жатырдың ретті жиырылуы,нәрестенің қанағаттанарлық күйі; іншектік тексеруде - жатыр аңқасының ашылуы.
3. Лабораторлық зерттеулер: жоқ.
4. Инструменталдық зерттеулер : туу жолдарын босанған соң тексеру.
5. Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: жоқ
6. Дифференциалды диагноз:
| Белгілері | босану | Патологиялық прелиминарлық кезең |
| Жатырдың белгілі реттілікпен жиырылуы | + | - |
| Жатыр мойнының құрылымдық өзгерісі | + | - |
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
Динамикалық бақылау - тамыр соғуының жиілігі, АҚ, дене қызуы,жатыр жиырылуының жиілігі,нәрестннің жүрек соғуын тыңдау, партограмма жүргізу.
Іншектік тексеру әр 4 сағат сайын (партограммаға сай).
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі : жоқ
Емдеу тактикасы:
1. Емдеу мақсаты: сау баланың тууы.