Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі Агенттігінің 2008 жылғы 4 мамырдағы жедел ақпараты
2008 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,9% құрады
пайызбен, өсуі +, төмендеуі -
| | 2008 жылдың сәуірі | 2008 жылдың қаңтар- сәуірі 2007 жылдың қаңтар-сәуіріне |
| 2008 ж. наурызына | 2007 ж. желтоқсанына | 2007ж. сәуіріне |
| Барлық тауарлар мен қызметтер | 0,9 | 3,4 | 19,1 | 18,8 |
| Азық-түлік тауарлары | 1,0 | 4,7 | 27,5 | 27,0 |
| Азық-түлік емес тауарлар | 0,8 | 2,4 | 11,6 | 11,3 |
| Ақылы қызметтер | 0,7 | 2,4 | 14,2 | 14,3 |
Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда бағаның өсімі қаңтқа 2,7%, нан және жарма өнімдеріне - 2,3% құрады. Ұн бағасы 3,7%, макарон өнімдері - 3,3%, нан - 1,9%, жармалар - 1%-ға өсті. Ірімшік және сүзбе 1,5%, май және тоң май - 0,8%, ет өнімдері - 0,7%, балық, жемістер және көкөністер - 0,4%-дан қымбаттады. Бағаның төмендеуі картопқа - 2,3%, шикі сүтке - 2,1%, жұмыртқаға - 0,6%-ға тіркелді.
Дизель отынының бағасы - 6,5%, бензин - 3%-ға өсті. Жуғыш және тазалағыш құралдарға баға өсімі - 1,1%, киім және аяқ киім, үйге қажетті заттар, жеке басқа арналған гигиеналық тауарларға - 0,6%-дан, кітаптар мен газеттерге - 0,5%, медициналық дәрі-дәрмектерге - 0,4%-ға өсті.