Алматы облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» № 5-26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 13 маусымдағы № 10-61 шешімі
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111 - бабының 1, 2 - тармақтарына, 115 - бабына және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 1 - тармақшасына және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 2008 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 5-26 шешіміне (2008 жылғы 3 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1998 нөмірімен тіркелген, Алматы облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 17 қаңтардағы «Алматы облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» № 5-26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 6-33, 2008 жылғы 1 ақпандағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1999 нөмірімен тіркелген және 2008 жылғы 10 сәуірдегі «Алматы облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» № 5-26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 8-47, 2008 жылғы 21 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 нөмірімен тіркелген шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Кірістер» «98583233» саны «100744574» санына ауыстырылсын, соның ішінде:
«салықтық түсімдер бойынша» «15588017» саны «15340574» санына ауыстырылсын;
«трансферттердің түсімдері бойынша» «82961067» саны «85389851» санына ауыстырылсын, соның ішінде: