Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 621 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 621 Қаулысы (күші жойылды)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 621 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесінде:

6-тармақтың екінші абзацында «; жеке тұрғын үй құрылысы үшін басқа жер учаскесінің болуы (болмауы)» деген сөздер алынып тасталсын;

8-1-тармақта:

«және жылжымайтын мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын органнан Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағында көзделген анықтамаларды» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағында көзделген мәліметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;

«анықтамалар» деген сөз «мәліметтер» деген сөзбен ауыстырылсын;

10-тармақта:

бірінші абзац «есепке алады және» деген сөздерден кейін «комиссия қайтадан қарамай» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Бұл ретте жер учаскесін тегін негізде берген жағдайда азаматтар құқықтарын мемлекет жеке тұрғын үй құрылысы үшін берген жер учаскелерінің болуы немесе болмауы ескеріледі, олар туралы мәліметтерді республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті орган ұсынады.»;

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Жерді бөліп беру үшін алаңдарды дайындау туралы ақпарат және жер учаскесін алуға арналған кезек тізімдері ашық болып табылады, оларға қол жетімділікті республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері тоқсанына кемінде бір рет оларды арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау арқылы қамтамасыз етуге міндетті.».

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!