«Эпидемиология және тағам гигиенасы санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы
№ 630 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 314 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 Бұйрығымен; ҚР Денсаулық сақтау министрдің міндетін атқарушының 2010.04.08. № 597 бұйрығымен күші жойылды
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Эпидемиология және тағам гигиенасы санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 630 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3075 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Сыра мен алкогольсіз сусындарды өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) шағын өндіріс объектісі - қуаттылығы тәулігіне 10000 литрден аспайтын сыра және алкогольсіз сусындарды өндіретін объект;»;
5-тармақта:
екінші сөйлем мынадай сөздермен толықтырылсын:
«шағын өндіріс объектісінен басқасы.»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Шағын кәсіпкерлік объектілерін бос ғимараттарда және әкімшілік ғимараттарында орналасқан, тиісті алаңдары сәйкес келген жағдайда сыра барларында, кафелерінде, мейрамханаларда орналастыруға рұқсат етіледі.»;
6-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын: «, шағын өндіріс объектілерінен басқасы.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: