«2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 1 шілдедегі № 89 шешімі
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағына 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. «2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 41 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4195 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 281-282, 29 желтоқсандағы № 283 сандарында жарияланған; «2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 29 қаңтардағы, нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4198 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінің 2008 жылғы 16 ақпандағы № 40-41, 20 ақпандағы № 43-44, 23 ақпандағы № 46-47, 26 ақпандағы № 48 сандарында жарияланған № 46 шешіміне енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың:
1) тармақшасындағы:
«65 331 268» деген сандар «70 269 857» деген сандармен ауыстырылсын;
«7 633 190» деген сандар «8 495 453»» деген сандармен ауыстырылсын;
«63 286» деген сандар «113 420» деген сандармен ауыстырылсын;
«57 631 569» деген сандар «61 657 761» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшасындағы:
«69 319 142» деген сандар «74 057 837» деген сандармен ауыстырылсын;
3) тармақшасындағы:
«-3 987 874» деген сандар «-3 787 980» деген сандармен ауыстырылсын;
4) тармақшасындағы:
«таза бюджеттік кредит беру» деген жолындағы «814 000» деген сандар «973 048» деген сандармен ауыстырылсын;
«бюджеттік кредиттер» деген жолындағы «814 000» деген сандар «1 064 000» деген сандармен ауыстырылсын;
«бюджеттік кредиттерді өтеу» деген жолындағы «0» деген сан «90 952» деген сандармен ауыстырылсын;