Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (жаңа редакциядағы) (Жоба) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (жаңа редакциядағы) (Жоба) (күші жойылды)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Жоба

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

(жаңа редакциядағы)

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 тамыздағы № 808 Қаулысымен енгізілді

Қабылданды-ҚР Бюджет Кодексі 2008 ж. 4 желтоқсан № 95-IV

 

Мазмұны

 

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

 

1-бөлім. Бюджет жүйесі

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы

2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының қолданылуы

3-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптері

5-бап. Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына әсер ететін нормативтік құқықтық актілер

2-тарау. Бюджеттердің түрлері мен деңгейлері

6-бап. Жалпы ережелер

7-бап. Республикалық бюджет

8-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті

9-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті

10-бап. Төтенше мемлекеттік бюджет

3-тарау. Бюджеттің құрылымы

11-бап. Бюджеттік түсімдері

12-бап. Бюджеттің шығыстары

13-бап. Бюджеттің құрылымы

14-бап. Республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті)

15-бап. Таза бюджеттік кредиттеу

16-бап. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо

17-бап. Бюджет тапшылығы (профициті)

18-бап. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

4-тарау. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері

19-бап. Жалпы ережелер

20-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар резервтерінің орындалуы

5-тарау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру, пайдалану және басқару

21-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

22-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері

23-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану

24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт

25-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес

6-тарау. Бірыңғай бюджеттік сыныптама

26-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың анықтамасы

27-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамы

28-бап. Бюджет түсімдерінің сыныптамасы

29-бап. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы

30-бап. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы

31-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

32-бап. Бюджеттік бағдарламалар

33-бап. Бюджеттік бағдарламалардың түрлері

34-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

35-бап. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

36-бап. Бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

37-бап. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

38-бап. Күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

39-бап. Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

40-бап. Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қауіпсіздігін тікелей қамтамасыз ететін органдардың шығыстарын сыныптау

41-бап. Мемлекеттік тапсырма

7-тарау. Бюджетаралық қатынастар

42-бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер

43-бап. Бюджетаралық қатынастар принциптері

44-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары

45-бап. Жалпы сипаттағы трансферттер

46-бап. Нысаналы трансферттер

47-бап. Төмен тұрған бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

48-бап. Төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік кредиттер

49-бап. Нысаналы трансферттерді пайдаланғаны және нәтижелерге қол жеткізуі үшін жауапкершілік

2-бөлім. Түсімдер мен шығыстарды бюджет деңгейлері арасында бөлу

8-тарау. Бюджетке түсетін түсімдерді республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттері арасында бөлу

50-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер

51-бап. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер

52-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін түсімдер

53-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін түсімдер

9-тарау. Шығыстарды бюджет деңгейлері арасында бөлу

54-бап. Республикалық бюджеттің шығыстары

55-бап. Облыстық бюджеттің шығыстары

56-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстары

57-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстары

10-тарау. Бюджеттік комиссиялар

58-бап. Бюджеттік комиссиялар туралы негізгі ережелер

59-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті

60-бап. Бюджеттік комиссиялардың құрамы мен жұмыс органдары

 

ЕРЕКШЕ БӨЛІК

 

3-бөлім. Бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту

11-тарау. Мемлекеттік жоспарлау негіздері

61-бап. Жалпы ережелер

62-бап. Әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттік өлшемдердің болжамы

63-бап. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары

64-бап. Операциялық жоспар

12-тарау. Бюджетті әзірлеу

65-бап. Жалпы ережелер

66-бап. Бюджет түсімдерін болжау

67-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын құжаттар

68-бап. Бюджеттік өтінім

69-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобалары мен бюджеттік өтінімдерді қарау

70-бап. Заттай нормалар

71-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша

72-бап. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу

73-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу

74-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу

13-тарау. Бюджет жобасын қарау мен бекіту процесінің негізгі ережелері

75-бап. Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер

76-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер

77-бап. Өкілді органдардың бюджет жобасын қарауының негізгі принциптері

78-бап. Республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау

79-бап. Жергілікті бюджет жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау

80-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы қаулылары

14-тарау. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу

81-бап. Жалпы ережелер

82-бап. Төтенше мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлеу

4-бөлім. Бюджеттердің атқарылуы

15-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер

83-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер

84-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының ерекшеліктерін ескере отырып, бюджеттің атқарылуы

16-тарау. Бюджеттің атқарылу процесі

85-бап. Бюджеттің атқарылу негізі болып табылатын құжаттар

88-бап. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары

17-тарау. Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет көрсету жөніндегі шот

87-бап. Бірыңғай қазынашылық шот

88-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның шетелдік валютадағы шоты

89-бап. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары

90-бап. Мемлекеттік мекемелердің шоттары

18-тарау. Бюджеттің атқарылуы

91-бап. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы

92-бап. Түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке алу

93-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлу

94-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансфертті тарту

95-бап. Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару не оларды берешекті өтеу шотына есепке алу

96-бап. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы

97-бап. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері

98-бап. Төлемдер мен ақшаларды аударуды ұлттық валютада жүзеге асыру

99-бап. Инкассалық өкім

100-бап. Төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері бойынша шетелдік валютада жүзеге асыру

101-бап. Шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуді және төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата тұру

102-бап. Бюджет ақшасын басқару

103-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін өздерінің иелігінде қалатын ақша бойынша атқару

104-бап. Қаржы жылының аяқталуы

105-бап. Бюджет қаражатының қалдықтары

106-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігі

19-тарау. Бюджетті нақтылау

107-бап. Бюджетті нақтылау

108-бап. Республикалық бюджетті нақтылау

109-бап. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау

110-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетін нақтылау

20-тарау. Секвестр және бюджетті түзету

111-бап. Секвестр

112-бап. Бюджетті түзету

21-тарау. Бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау

113-бап. Бюджеттік мониторинг

114-бап. Нәтижелерді бағалау

5-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қоспағанда,

мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесі

22-тарау. Бухгалтерлік есеп жүйесі

115-бап. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мақсаты

116-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің принциптері және негізгі сапалық сипаттамалары

117-бап. Бухгалтерлік есеп жүйесі

23-тарау. Қаржылық есептілік

118-бап. Қаржылық есептілік

119-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептілік

120-бап. Есепті кезең

121-бап. Қаржылық есептілікті табыс ету

6-бөлім. Бюджеттік есепке алу және есептілік

24-тарау. Бюджеттік есепке алу

122-бап. Негізгі ережелер

123-бап. Бюджеттік есепке алуды жүргізу

124-бап. Бюджеттік есептіліктің сапалық сипаттамалары

125-бап. Бюджеттік есептіліктің түрлері

126-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті табыс ету

127-бап. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп

25-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп

128-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті табыс ету

129-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде талқылау және бекіту

130-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есепті табыс ету

131-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту

132-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті табыс ету

133-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту

26-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп

134-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау

135-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті табыс ету және бекіту

7-бөлім. Мемлекеттік қаржылық бақылау

27-тарау. Жалпы ережелер

136-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау

137-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жүйесі

138-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын ұғымдар

139-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері мен стандарттары

140-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері

141-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері

142-бап. Бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын актілер

28-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары

143-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құзыреті

144-бап. Мәслихаттың тексеру комиссиясының құзыреті

145-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның құзыреті

146-бап. Ішкі бақылау қызметтері

147-бап. Мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылы

29-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу негіздері

148-бап. Бақылау объектісі басшысының құқықтары мен міндеттері

149-бап. Бақылау нәтижелері туралы есептілік

150-бап. Мүдделер қақтығысы

151-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары лауазымды адамдарының, бақылау объектілерінің жауапкершілігі

152-бап. Дауларды шешу

8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар

30-тарау. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау

153-бап. Бюджеттік инвестициялар туралы жалпы ережелер

154-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды және концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыру шартында жоспарлау

155-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу

156-бап. Бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бюджет жобасына енгізу тәртібі

157-бап. Бюджеттен қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобаларды бюджет жобасына енгізу тәртібі

158-бап. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау

31-тарау. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру

159-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру

160-бап. Концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру

161-бап. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарлық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру

9-бөлім. Концессиялық міндеттемелер

32-тарау. Концессиялық міндеттемелер

162-бап. Концессиялық міндеттемелер туралы жалпы ережелер

163-бап. Концессиялық міндеттемелерді есепке алу және оның мониторингі

164-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді қабылдауы және орындауы

33-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелері

165-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелер қабылдауы

166-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелер қабылдауын шектеу

167-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді орындауы

10-бөлім. Гранттар

34-тарау. Гранттар туралы жалпы ережелер

168-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын ұғымдар

169-бап. Гранттарды жіктеу

35-тарау. Байланыссыз және байланысты гранттар

170-бап. Байланыссыз гранттар

171-бап. Байланысты гранттарды жоспарлау

172-бап. Байланысты гранттарды тарту

173-бап. Байланысты гранттарды пайдалану

174-бап. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі және бағалау

11-бөлім. Бюджеттік кредиттеу

36-тарау. Бюджеттік кредиттеудің жалпы ережелері

175-бап. Бюджеттік кредиттеу туралы негізгі ережелер

176-бап. Бюджеттік кредиттеу принциптері

177-бап. Бюджеттік кредиттеу өлшемдері

178-бап. Бюджеттік кредиттеу субъектілері

179-бап. Кредитор

180-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік кредит беру субъектісі ретінде

181-бап. Қарыз алушылар

182-бап. Соңғы қарыз алушылар

183-бап. Сенім білдірілген өкілдер (агенттер)

37-тарау. Бюджеттік кредиттеу шарттары

184-бап. Кредиттік шарттың негізгі талаптары

185-бап. Бюджеттік кредиттің мерзімі

186-бап. Бюджеттік кредитті игеру кезеңі

187-бап. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

188-бап. Сыйақы ставкасы

189-бап. Бюджеттік кредит беру тәсілі

190-бап. Бюджеттік кредитті өтеу мен оған қызмет көрсету кестесі

38-тарау. Бюджеттік кредиттеу рәсімдері

191-бап. Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау

192-бап. Бюджеттік кредит беру рәсімі

193-бап. Шет мемлекеттерді кредиттеудің ерекшеліктері

194-бап. Бюджеттік кредитті пайдалану

195-бап. Бюджеттік кредитке қызмет көрсету

196-бап. Бюджеттік кредитті өтеу

39-тарау. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру

197-бап. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау

198-бап. Бюджеттік кредит бойынша борышты аудару

40-тарау. Талап қою мерзімі, бюджеттік кредиттер бойынша кредиторлар талаптарының тоқтатылуы және кепілдіктің тоқтатылуы

199-бап. Талап қою мерзімі

200-бап. Кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талаптарының тоқтатылуы және кепілдіктің тоқтатылуы

41-тарау. Бюджеттік кредиттер бойынша бақылау, мониторинг, есепке алу

201-бап. Бюджеттік кредиттерді бақылау

202-бап. Бюджеттік кредиттер мониторингі және оларды есепке алу

12-бөлім. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекет кепілгерлігі

42-тарау. Жалпы ережелер

203-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын ұғымдар

204-бап. Қарыз алу туралы жалпы ережелер

205-бап. Мемлекеттік қарыздардың түрлері мен нысандары

206-бап. Мемлекеттік борыш

207-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышты өтеу мен оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелері

208-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борышты және тәуекелдерді басқару

209-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың жай-күйі туралы мәліметтерді жариялау

43-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы

210-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу мақсаттары

211-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуды жүзеге асыруы

212-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуды шектеуі

213-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышын өтеу мен оған қызмет көрсету

44-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы

214-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу мақсаттары

215-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуын шектеу

216-бап. Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу мен оған қызмет көрсету

217-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруы

45-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш

218-бап. Мемлекеттік кепілдік

219-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруді шектеу

220-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беру шарттары

221-бап. Мемлекеттік кепілдік алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

222-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруге арналған инвестициялық жобаларды іріктеу

223-бап. Мемлекеттік кепілдіктің нысаны

224-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруді және мемлекет кепілдік беретін қарыздарды есепке алу

225-бап. Мемлекеттік кепілдіктің орындалуы

226-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды қайта құрылымдау

227-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыру

228-бап. Мемлекеттік кепілдіктің қолданылуын тоқтату негіздері

229-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражаттарын пайдалануға қойылатын шектеулер

230-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражаттарының пайдаланылуына бақылау жасау және жауаптылық

46-тарау. Мемлекет кепілгерлігі

231-бап. Мемлекет кепілгерлігі

232-бап. Мемлекет кепілгерлігін беруге шектеулер

233-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары

234-бап. Мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

235-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеп алу

236-бап. Мемлекет кепілгерлігінің нысаны

237-бап. Берілетін мемлекет кепілгерліктерін және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды есепке алу

238-бап. Мемлекет кепілгерлігін орындау

239-бап. Мемлекет кепілгерлігінің қолданылуын тоқтату негіздері

240-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын пайдалануға шектеулер

241-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатының пайдаланылуын бақылау және ол үшін жауаптылық

47-тарау. Қарыз берушінің мүдделерін қорғау

242-бап. Қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол бермеу

243-бап. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттерінен қорғау

244-бап. Дауларды шешу

13-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

48-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

245-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

246-бап. Қорытынды ережелер

49-тарау. Өтпелі ережелер

247-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу

248-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау, беру, қарау және бекіту

 

Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптері мен тетіктерін белгілейді.

 

 

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

 

1-бөлім. Бюджет жүйесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы қабылдануы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғандағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының

қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің мемлекеттік мекемелерге қатысты ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден кезекті қаржы жылына арналған ақша бөлу туралы актілері, осы актілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ережелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды.

4. Республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік және құқықтық актілер тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

5. Егер заң және өзге де нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетін ережелер көзделген жағдайда, онда Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының ережелері қолданылады.

 

3-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет;

2) борышқа қызмет көрсету - белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының комиссиялық төлемдердің, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердің жиынтық төлемдері;

3) борышты өтеу - қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгіленген тәртіппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы;

4) бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;

5) бюджет жүйесі - бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы;

6) бюджет қаражаты - мемлекеттік меншікке түсуі мен жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттің ақша және өзге де активтері;

7) бюджет қаражатын алушылар - бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде бюджеттік қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арқылы алатын және пайдаланатын жеке және заңды тұлға;

8) бюджет процесі - бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, мемлекеттік қаржылық бақылауға, нәтижелерге бюджеттік мониторинг жасау және бағалауға бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, бюджет есебі мен бюджеттік есептілікті жүргізу жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген мемлекеттік органдардың қызметі;

9) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бухгалтерлік есеп, бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

10) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөніндегі бухгалтерлік есеп, бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізуді атқару бойынша функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

11) бюджеттік инвестициялар - Бюджеттен қоса қаржыландыру жағдайында бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру жолымен мемлекеттің активтерін құру заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту есебінен мемлекеттік активтер құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;

12) бюджеттік инвестициялық жоба - уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаты бар жаңаларын құруға (салуға) не қолда бар объектілерді немесе қайта құруға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

13) бюджеттік қамтамасыз етілу - мемлекеттік басқару органдары тиісті бюджет қаражаты есебінен ұсынатын мемлекеттік қызметтер көрсетуді алушылардың бірлігіне шаққандағы мемлекеттік қызметтер көрсету құны;

14) бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар;

15) бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар;

16) есепті қаржы жылы - жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;

17) жергілікті атқарушы орган борышының лимиті - тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте бекітілетін жергілікті атқарушы органның белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының аяғына) жергілікті атқарушы органның нақты борышынан асып кетпеуге тиіс алынған және өтелмеген қарыздарының тіркелген сомасы;

18) жоспарлы кезең - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;

19) инвестициялық ұсыныс - одан әрі бюджеттік инвестициялық жобаны дайындау мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшісі әзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, оның мақсатын, қол жеткізу жолдарын көрсететін бюджеттік инвестициялық жобаның тұжырымдамасы;

20) кірістерді бөлу нормативі - кіріс түрлерін әртүрлі деңгейлердегі бюджеттердің арасында бөлу проценттік арақатынасы;

21) кезекті қаржы жылы - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жыл;

22) концессиялық міндеттемелер - концеденттің жасасылған шарттар бойынша белгілі күнге қабылдаған әрі орындамаған қаржы міндеттемелерінің сомасы;

23) қаржы агенттігі - мемлекет жүз пайыз қатысатын немесе акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқару компаниясына тиесілі, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір секторларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілдік берілген банк немесе ұйым;

24) қаржы жылы - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;

25) қаржыландыру - бюджет ақшасын оларды алушыларға бөлу;

26) қарыз алу - қарыз қаражаттарын тарту, қарызды тарту, пайдалану, өтеу және оған қызмет көрсету тәртібі мен шарттарын айқындау қажеттігі туралы шешім қабылдау рәсімдерін, келіссөздер, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және оларға кепілдік беру, қарыз бойынша тиісті құжаттарды ресімдеу және оларға қол қою, қарыз шартын ратификациялау (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде), тараптардың міндеттемелерді орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсімдерін қоса алғанда, қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсімдерін қамтитын процесс;

Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!