Павлодар облысы Кенжекөл ауылдық округтік әкімінің 2009 жылғы 10 маусымдағы № 17-1-03/32 шешімімен күші жойылды
Кенжекөл ауылдық округі әкімінің
2008 жылғы 1 шілдедегі
№ 282 шешімімен бекітілген
10 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Мал басының саны туралы мәлімет
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт мал басының саны туралы мәлімет беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін белгілейді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Ауылдық территорияларда агроөнеркәсіп тораптарын дамыту мемлекеттік тәртіптеу туралы» № 66 - ІІІ Заңының, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 30 маусымдағы «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің реестірін бекіту туралы» № 561 қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 3, № 2 кабинет мекен жайында орналасқан «Кенжекөл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әкім аппараты) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - мал басының саны туралы мәлімет алу.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушы).
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап көрсету мерзімдері - 30 минутқа дейін;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге ең ұзақ уақыт - 30 минутқа дейін;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 30 минутқа дейін.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Әкім аппаратының стендінде орналастырылған.
10. Мемлекеттік қызмет сенбі және жексенбі демалыс күндерінен басқа және мерекелік күндерден басқа күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылмастан және жеделдетілген қызмет көрсетуде жүргізілмейді.