Введите номер документа
Прайс-лист

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық. АКУПАН® (ACUPAN®) (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 8 қазандағы № 247 бұйрығымен бекітілген)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 8 октября 2008
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 8 октября 2008

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті

 Төрағасының 2008 жылғы

8 қазандағы № 247 бұйрығымен

 бекітілген

 

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі
нұсқаулық
 
АКУПАН® (ACUPAN®)

 

Саудалық атауы

АКУПАН®

(ACUPAN®)

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нефопам

 

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 20мг/2мл ерітінді

 

Құрамы

2 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - нефопам гидрохлориді 20 мг,

қосымша заттар: натрий дигидрофосфатының дигидраты, натрий гидрофосфатының додекагидраты, инъекцияға арналған су.

 

Фармакотерапиялық тобы

Басқа анальгетиктер мен антипиретиктер

АТЖ коды N02BG06

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Нефопам 20 мг бір реттік дозасын бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін қансарысуындағы ең жоғары концентрациясы 30 - 60 минуттан соң байқалады және 25 нг/мл-ні құрайды. Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы 71-76%. Биотрансформациясы маңызды, үш метаболиті анықталған: десметилнефопам; нефопам N-оксид; N-глюкуронид нефопам.

Десметилнефопам және нефопам N-оксид бауырда глюкурондалмайды, анальгетикалық белсенділік байқатпайды. Бұлшықет ішіне енгізгенде жартылай шығарылу кезеңі орташа 5 сағатты құрайды. Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін жартылай шығарылу кезеңі орташа 4 сағатты құрайды. Енгізілген дозаның 87%-ы бүйрекпен, енгізілген дозаның 5%-дан кемі өзгермеген түрде шығарылады.

Несепте анықталған метаболиттер көктамыр ішіне енгізідлген дозаның 6%, 3% және 36%-ын құрайды.

Фармакодинамикасы

Нефопам басқа анальгетиктерден құрылым ерекшеленетін есірткілік емес анальгетик. Синапстар деңгейіне дофаминді, норадреналинді және серотонинді кері қармауды тежеуге негізделген. Нефопам пресинапстық деңгейде глутаматты босатуды бәсеңдету және синапстан кейінгі деңгейге N-метил-D-аспартат рецепторлары белсенділігін бәсеңдету есебінен антиноцецептивті белсенділігі бар.

Нефопам клиникалық зерттеулерде операциядан кейінгі дірілдеуде оң әсер береді.

Нефопам қабынуға қарсы немесе антипиретикалық әсер етпейді, тыныс алуды бәсеңдетпейді және ішек перильстатикасына әсер етпейді. Нефопамның аздаған антихолинергиялық әсері бар.

 

Қолданылуы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами