Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1221 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 692 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1221 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бюджеттік бағдарламалары» деген 6-бөлімде:
«Экономиканың инфрақұрылымдық салаларының тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу саласындағы қызметтер» деген бюджеттік бағдарламада:
«Орталық органның аппараты» деген кіші бөлімде:
«Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар» деген жолдың «2009» деген бағанында «806,2» деген сандар «790,0» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігін материалдық-техникалық жарақтандыру» деген бюджеттік бағдарламада:
«Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар» деген жолдың «2009» деген бағанында «39,1» деген сандар алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бюджетінің жиынтығы» деген жолдағы «1334,7» деген сандар «1279,4» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |