Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Фармация комитеті
Төрағасының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 125 бұйрығымен
бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде тұтынушыларға арналған
нұсқаулық
(аннотация - қосымша бет)
РЕМЕСУЛИД (NІMECULІDE)
Сауда атауы
Ремесулид.
Халықаралық патенттелмеген атауы
Нимесулид
Химиялық атауы
N-(4-нитро-2 феноксифенил) метилсульфонамид;
Негізгі физико-химиялық қасиеттері
Жоғарғы және төменгі екі беті дөңес, сарғыштау немесе сарғыштау-жасылдау түсті таблеткалар, таблетканың бетін мраморлауға жол беріледі.
Құрамы
1 таблетканың құрамында 0,1 г нимесулид бар;
қөмекшi заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, гидроксипропилметилцеллюлоза, аэросил, кросповидон, магний стеараты.
Шығарылу нысаны
Таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Қабынуға қарсы стероидтық емес және ревматизмге қарсы дәрі.
Фармакологиялық қасиеттері
Ремесулид қабынуға қарсы әсер етіп, аурсынуды басып, қызу түсіретін айқын әсер етеді. Ішу арқылы қолданылғанда Ремесулид мүшелер мен тіндерге тарай отырып, асқазан-ішек жолынан тез және толық сіңіріледі. Қандағы ең жоғары концентрациясына 1,5-2,5 сағаттан кейін жетеді.
Қолдану көрсетілімдері
Ревматоидтық артрит, шорбуынданған спондилоартрит, жедел подагралық, псориатикалық және жарақаттық артриттер, остеоартроздар, құяңдар, бурситтер, тендовагиниттер, миалгиялар, жұмсақ тіндер мен тірек-қозғалыс аппаратының жарақаттық және операциядан кейінгі қабынуы, ауыру синдромымен және қызбу жалғасатын гинекологиялық және басқа инфекциялық-қабыну аурулар.
Қарсы көрсетілімдері