Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының саптық жарғысы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген) (2025.09.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 5 июля 2007
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявоскресенье, 9 ноября 2025

Қазақстан Республикасы Президентінің

2007 жылғы 5 шілдедегі

№ 364 Жарлығымен

 бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да
әскерлері мен әскери құралымдарының
саптық жарғысы

(2025.09.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Президентінің 2025.28.10. № 1068 Жарлығымен кіріспе өзгертілді (2025 ж. 9 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Осы Жарғы қарусыз және қарумен саптық тәсілдер мен қозғалыстарды; бөлімшелер мен әскери бөлімдердің жаяу тәртіптегі және машиналардағы саптарын; әскери сәлемдесуді орындау, саптық байқау өткізу тәртібін; әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының саптағы жағдайын, оны шығару мен әкету тәртібін; әскери қызметшілердің сапқа тұру алдындағы және саптағы міндеттерін және оларды саптық үйретуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ әскери қызметшілердің ұрыс даласындағы қозғалысы мен қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі іс-әрекетінің тәсілдерін айқындайды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының саптық жарғысының (бұдан әрі - Саптық жарғы) күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне және әскери киім нысанын киіп жүру құқығымен әскери қызметтен шығарылған азаматтарға оны киіп жүрген кезде қолданылады.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Сап - әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен бөлімдердің жаяу тәртіпте және машиналарда олардың бірлесіп іс-қимыл жасауы үшін Жарғымен белгіленген орналасуы.

2. Қатар - әскери қызметшілердің бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы.

Машиналар сызығы - машиналардың бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы.

3. Қаптал - саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылған кезде сап қапталдарының атаулары өзгермейді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами