Нормативтік-техникалық құжатқа өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2009 жылғы 01 сәуірдегі № 160 Бұйрығы
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарды одан әрі жетілдіру мақсатында Б¥ЙЫРАМЫН:
1. ҚРҚНжЕ 1.02-01-2007 «Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен құрамы туралы нұсқаулықа» мынадай өзгеріс енгізілсін:
5.3.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5.3.2 Жобаның энергетикалық паспорты техникалық регламенттер мен қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталған объектілердің энергетикалық сипаттамалары туралы ақпарат түрінде, оның ішінде энергияны үнемдеу және энергияны тұтыну жөніндегі деректерден. сондай-ақ ғимараттардың қоршау құрылымдардың жылулық қорғау бойынша есептерінен тұрады.»
5.5.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5.5.2 Жобаның энергетикалық паспорты техникалық регламенттер мен қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталған объектілердің энергетикалық сипаттамалары туралы ақпарат түрінде, оның ішінде энергияны үнемдеу және энергияны түтыну жөніндегі деректерден, сондай- ақ ғимараттардың қоршау құрылымдардың жылулық қорғау бойынша есептерінен тұрады.»
6.4.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6.4.2 Жобаның энергетикалық паспорты техникалық регламенттер мен қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталған объектілердің энергетикалық сипаттамалары туралы ақпарат түрінде, оның ішінде энергияны үнемдеу және энергияны түтыну жөніндегі деректердөн, сондай-ақ ғимараттардың қоршау құрылымдардың жылулық қорғау бойынша есептерінен тұрады.»
7.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7.3 Мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтер жұмыс құжаттамасының құрамына енгізілмейді, ал егер де ол Шартпен қарастырылған болса, онда тарпсырыс берушіге тапсырылуы тиіс.»