Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармацевтикалық бақылау
комитеті Төрағасының
2009 жылғы 22 маусымдағы
№ 203 бұйрығымен
Бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Цитрамон П
Саудалық атауы
Цитрамон П
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: парацетамол - 0,18 г, ацетилсалицил қышқылы - 0,24 г,
кофеин - 0,03 г,
көмекші заттар: крахмал, поливинилпирролидон, кальций стеараты, какао, этил спиртіон қышқылы.
Сипаттамасы
Дөңгелек, ашық-қоңыр түсті дақтарымен, бір жағында бөлуге арналған кертігі бар какао иісті жалпақ таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Салицил қышқылы және оның туындылары. Басқадай препараттармен біріктірілген ацетилсалицил қышқылы.
АТЖ коды N02BA51.
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат компоненттері асқазан-ішек жолыннан жақсы сіңеді және жеткілікті түрде бауырда тез метаболизденеді. Препараттың құрамдас бөліктері негізінен несеппен шығарылады. Препаратты ішке қабылдаған кезде ацетилсалицил қышқылының 94 %, парацетамолдың 96 % және кофеиннің 92 % сіңеді.
Ацетилсалицил қышқылы: Сіңуі кезінде ішек қабырғасында және бауырда жүйе алдылық элиминацияға ұшырайды (деацетилденеді). Сорылатын бөлігі эстеразамен өте тез гидролизденеді (жартылай элиминация кезеңі (Т 1/2) 15-20 мин көп емес уақытты құрайды). Организмде салицил қышқылының анионы айналымда болады. Салицилаттар тіндерге және организмдегі сұйықтыққа оңай өтеді, диффузия гиперемия және ісік бар кезде жылдамдатылады, қабынудың пролиферативті фазасында баяулайды. Салицилаттар плацента арқылы өтеді, көп емес мөлшерде емшек сүті арқылы сыртқа шығарылады. Бауырда төрт метаболиттерді түзу арқылы биотрансформацияға ұшырайды: бүйрекпен сыртқа шығарылады (несептің сілтіленуі кезінде ұзарады).