Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармацевтикалық бақылау
комитеті Төрағасының
2009 жылғы 29 маусымдағы
№ 217 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
ВилатеÔ 450 ХБ
ВилатеÔ 900 ХБ
Саудалық атауы
ВилатеÔ450 ХБ
ВилатеÔ 900 ХБ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Көктамрыға енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған құтыдағы лиофилизат еріткішпен (инъекцияға арналған су құрамында 0.1% полисорбат 80 бар) және енгізуге арналған қосалқы заттармен бірге жиынтықта
Құрамы
| Белсенді заттар: | Вилате 450 | Вилате 900 |
| VIII адамның қан ұйыту факторы | 450 ХБ | 900 ХБ |
| адамның Виллебранд факторы | 400 ХБ | 800 ХБ |
| қосымша заттар; | глицин, сукроза, натрий хлориді, натрий цитраты, кальций хлориді |
| Еріткіш | | |
| Инъекцияға арналған су Полисорбат 80 | 5 мл 4,99 мг | 10 мл 9,98 мг |
Инъекцияға арналған 5 мл/10 мл суда 450 ХБ/900 ХБ Вилате 0,1% Полисорбат 80-мен бірге ерігеннен кейін препаратта шамамен 80 ХБ/мл Виллебранд адам факторы болады. Вилатенің өзіне тән белсенділігі шамамен ≥53 ХБ Виллебранд факторы: ақуыздың RСo/мг құрайды.
Инъекцияға арналған 5 мл/10 мл суда 450 ХБ/900 ХБ Вилате 0,1% Полисорбат 80-мен бірге ерігеннен кейін препаратта шамамен 90 ХБ/мл VІІІ қан ұюының адамдағы факторы болады. Вилатенің өзіне тән белсенділігі ақуыздың VІІІ:С/мг факторының шамамен ≥60 ХБ құрайды.
Сипаттамасы
Ақ немесе бозғылт-сары түсті лиофилизирленген ұнтақ. Ерігеннен кейін мөлдір немесе сәл жылтыр, түссіз сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Гемостатиктер. VIII қан ұю факторы мен Виллебранд факторының жиынтығы
АТЖ коды B02BD06
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Виллебранд ауруында