«Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже»
2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 20/7 шешімі
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабының 2 тармағына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже» 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2223 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 26 наурыздағы № 30 - 31 «Дидар» газетінде, 2005 жылғы 19 наурыздағы № 42 - 43 «Рудный Алтай» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: