Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 170 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 шілдедегі № 720 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 170 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2010 — 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Қазғарыш қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері» деген 3-бөлімде:
«Қазғарыш қызметінің стратегиялық бағыттары, қызметін дамытудың стратегиялық мақсаттары және негізгі индикаторлары» деген кестеде:
«Мақсатты ғарыш жүйелерін, технологияларын жасау және оларды пайдалану» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Спутниктік байланыс, сандық теле- және радиохабар таратудың ішкі және сыртқы тұтынушыларының сұранысын қанағаттандыру» деген 1.1-мақсат мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.1-мақсат Спутниктік байланыс, сандық теле- және радиохабар таратудың ішкі және сыртқы тұтынушыларының сұранысын қанағаттандыру. | Мақсатты индикатор: | Есепті кезең | Жоспарлы кезең |
2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл | 2014 жыл |
ЖҚҚ өсуі, млрд. теңге | | | | | | | 85 |
Экспорттың өсуі, млрд. теңге | | | | | | | 15 |
Тұтынушыларды теле- және радиохабарының спутниктік байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету тұрақтылығы, % | - | - | - | 50 | 50 | 50 | 90 |
Қазақстандық операторлардың халықаралық операторлардан спутниктік каналдарды жалға алу шығындарын қысқарту, % | - | - | - | 25 | 25 | 25 | 25 |
»;
«Байқоңыр» кешенін және ғарыш аппараттары өндірісінің құралдарын дамыту» деген 2-стратегиялық бағытта:
«Байқоңыр» кешенінің мүлкін тиімді басқаруды қамтамасыз ету және ғарыш айлағы инфрақұрылымын дамыту» деген 2.1.1-міндетте:
«2010 жыл» деген бағанда:
«Ресей Федерациясының жалдауынан шығарылған объектілер мен аумақтарды кәдеге жарату, қалпына келтіру, алаңдар саны» деген жолдағы «3» деген сан алынып тасталсын;