1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер
бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысы
(2007.28.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.28.08. № 743 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2007.28.08. № 743 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның 5-бабын және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның (бұдан әрі - Конвенциялар) 5-бабының 1-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2007.28.08. № 743 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Конвенциялардың ережелерiн орындауға уәкілеттi орталық және өзге де мемлекеттік органдардың мынадай тiзбесi белгіленсiн:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі - азаматтық хал актілерiн, жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды тiркеу туралы құжаттар, сондай-ақ әділет органдарынан және нотариустардан шығатын өзге де ресми құжаттар бойынша;