Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1211 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қазандағы № 1124 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 298 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөнінде ұлттық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1211 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбындағы, 1-тармақтағы және 2-тармақтың 1), 2) тармақшаларындағы «ұлттық» деген сөз «республикалық» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі республикалық кеңес туралы ережеде:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «ұлттық» деген сөз «республикалық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «адами ресурстарды» деген сөздер «еңбек ресурстарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «жұмысын жоспарлайды» деген сөздер «жұмыс жоспарын жоспарлайды және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «, жұмыс берушілер қауымдастығы, білім беру органдары, кәсіподақтар мүшелерінің» деген сөздер «мүшелерінің, мемлекеттік даму институттары, жұмыс берушілер қауымдастығы, білім беру органдары, кәсіподақтар басшыларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «жарты жылда» деген сөздер «бір тоқсанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі ұлттық кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
| Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары, |
| Ырсалиев Серік Әзтайұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, хатшы, |