Сотталған жәбірленушіні қасақана өлтіру мақсатында оқ атқан деген сот тұжырымы тек болжамға негізделген
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау алқасының 2010 жылғы 2 маусымдағы № 2а-103-10 Қаулысынан үзінді
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының 2010 жылғы 19 қаңтардағы үкімімен:
У., бұрын сотталмаған,
ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен кінәсіз деп танылып, әрекетінде бұл қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталған;
ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігімен, 96-бабы 2-бөлігінің «и» тармағымен 9 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында өтеуге сотталған.
Үкім бойынша кәмелетке толмаған У. атыс қаруын қолданып, бұзақылық ниет-пен жәбірленуші Т.-ны қасақана өлтіру мақсатында оған оқ атқаны үшін айыпты деп танылған.
Апелляциялық шағымдарында сотталған У.-дың заңды өкілі мен қорғаушысы үкіммен келіспей, сотталғанның адам өлтіруге оқталғаны туралы айып дәлелденбеген деп санайды, сондықтан үкімді бұзып, сотталған У.-ды ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 96-бабы 2-бөлігінің «и» тармағы бойынша ақтап, оны ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен айыпты деп тануды сұраған.
Сотталғанның жағдайын ауырлататын наразылық немесе шағым келтірілмегендіктен, оның апелляциялық сатыдағы соттың отырысына қатысу жөніндегі өтініші қанағаттандырусыз қалдырылды.
Жәбірленуші Т. сотқа берген арызында сотталғанды кешіргенін көрсеткен.