Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 299 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«7.1. Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде:
001 «Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада:
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдың «2011 жыл» деген бағанындағы «6 803 266» деген сандар «6 831 874» деген сандармен ауыстырылсын;
004 «Қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу және реконструкциялау» деген бюджеттік бағдарламада:
«Сипаттама» деген жол мынадай редакциядада жазылсын:
«Алматы қаласындағы 1500 орындық ЛА-158/18 тергеу изоляторын реконструкциялау мен кеңейтуді аяқтау. Павлодар қаласында «Химпром» АҚҚ-ның № 822 және 823 өндірістік корпустарын 1500 орындық ерекше режимдегі түзеу колониясы етіп реконструкциялау. Орал қаласында 900 орындық қатаң режимдегі түзеу колониясын реконструкциялауды аяқтау. Семей, Өскемен, Орал қалаларындағы әрқайсысы 1500 орындық тергеу изоляторларын салу. Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесін реконструкциялауды аяқтау».
тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:
«2011 жыл» деген бағанда:
«Объектілерді салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және түзету» деген жол «1» деген санмен толықтырылсын;
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «554 028» деген сандар «147 051» деген сандармен ауыстырылсын;
«Аяқталатын объектілердің саны» деген жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «1» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын;
түпкі нәтиже көрсеткіштерінде:
«Аяқталған объектілердің саны» деген жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «1» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын;
013 «Сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада: