Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 46 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 126 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4360 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесінде:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Бас ұйым - еншілес ұйымдар акцияларының бақылау пакетіне ие компания.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Активтерді сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқаруға беру қажеттілігі туралы шешімді уәкілетті бөлімшенің ұсынысы бойынша не Төрағаның немесе Төрағаның уәкілетті бөлімшеге жетекшілік жасайтын Орынбасарының тапсырмасына сәйкес Өкілетті өкіл немесе Төраға немесе Төрағаның уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін Орынбасары қабылдайды.»;
16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: