«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2011 жылғы 9 маусымдағы № 33/7 шешімі
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 34/5-V шешімімен күші жойылды
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-149 нөмірімен тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесінде:
5 тармақ мына редакцияда жазылсын: