Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату ережесін және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2004 жылғы 16 ақпандағы № 41 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 71 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 71 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссияларын тағайындау және босату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату ережесін және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2004 жылғы 16 ақпандағы № 41 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2771 тіркелген, 2005 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, № 19, 165-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату ережесі және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарда:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: