«Қазақстан Республикасында бейіні бойынша жоғары мамандырылған медициналық көмектің түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 685 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 12 тамыздағы № 541 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес және халыққа жоғары мамандырылған медициналық көмектің сапасын және қолжетімдігін одан әрі арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында бейіні бойынша жоғары мамандырылған медициналық көмектің түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 685 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрыққа қосымшада:
«қызметтердің, операциялардың коды» деген бағандағы 1 - жол мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
| | | | 01.10 | катетерді имплантациялауды немесе мониторингке арналған сүңгіні қоса алғанда бассүйекішілік қысым мониторингі |
»;
31 - жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
31-1 | хирургиялық | 01-199 | Жүйке жүйесіне ерекше араласу | 00.64 | Стенттерді басқа прецебральды артерияларға пункциялық имплантациялау | |
| | | | 00.65 | Бассүйекішілік артерияларға стенттерді пункциялық имплантациялау | |
| | | | 01.10 | катетерді имплантациялауды немесе мониторингке арналған сүңгіні қоса алғанда бассүйекішілік қысым мониторингі | |
| | | | 01.16 | катетер имплантациясын немесе мониторингке арналған зондты қоса отырып бассүйекішілік оттегі мониторингі, Мидың оттегі қысымы (PbtO2) | |
| | | | 01.32 | Өткізгіші жолдарды лоботомиялау және қию | |
| | | | 01.51 | Ми қабықшаларының зақымданған аумағын немесе тінін кесіп алып тастау | |
| | | | 02.391 | 3-ші қарынша түбіне вентрикулостомия (эндоскопиялық) | |
| | | | 03.10 | Жұлын нервтерінің түбіршектерін бөлу (Ризотомия) | |
| | | | 03.52 | Миеломенингоц елені операциялық алып тастау | |
| | | | 04.41 | Үштармақты нервтің декомпрессиясы | |