«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 және «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламентін бекіту туралы» 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1249 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 809 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 1-2, 6-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде:
5-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20) адамдар көп келетін объект - бір мезгілде жүз және одан астам адамның келуіне есептелген сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт, мәдени-ағарту және ойын-сауық ұйымдарының, діни мекемелердің, көңіл көтеру орындарының, барлық көлік түрлері вокзалдарының ғимараттары, құрылыстары мен үй-жайлары, сондай-ақ бір мезгілде жиырма бес және одан астам адамның келуіне есептелген денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, қонақ үйлердің ғимараттары мен құрылыстары;»;
71-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
75-тармақ алынып тасталсын;
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«79. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы бір өртті сөндіруге су құбыры желісінің қосу және тарату желілерінен, сондай-ақ микро аудан немесе квартал ішіндегі су құбыры желісінен жұмсалатын су шығыны осы Техникалық регламенттің 7-қосымшасы бойынша ең үлкен су шығынын талап ететін ғимарат үшін қабылдануға тиіс.»;