Введите номер документа
Прайс-лист

«Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеушілерге қадағалауды жүзеге асыру бойынша қылмыстық-атқару инспекцияларының қызметін ұйымдастыру және электрондық бақылау құралдарын қолдану қағидасы» (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 141 бұйрығына 4-қосымша) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 14 марта 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 23 декабря 2014

ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2012 жылғы 14 наурыздағы

№ 141 бұйрығына

4-қосымша

 

 

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеушілерге қадағалауды жүзеге асыру бойынша қылмыстық-атқару инспекцияларының қызметін ұйымдастыру және электрондық бақылау құралдарын қолдану
қағидасы
 
1. Жалпы ережелер

 

2012 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізілді

 

1. Осы Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеушілерге қадағалауды жүзеге асыру бойынша қылмыстық-атқару инспекцияларының қызметін ұйымдастыру және электрондық бақылау құралдарын қолдану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы ҚАК) 53-бабына сәйкес әзірленді және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындау тәртібін белгілейді.

2. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындау заңды күшіне енген сот үкімі, қаулысы, ұйғарымы (бұдан әрі - үкім) негізінде жүргізіледі.

3. Облыстар, Астана қаласы, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аумақтық қылмыстық-атқару инспекциялары (бұдан әрі - Инспекциялар) бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындайтын органдар болып табылады.

4. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындау кезінде аумақтық Инспекциялар:

1) прокуратура бөліністерімен, жергілікті әскери басқару органдарымен, жергілікті атқарушы органдармен, соттармен және қоғамдық бірлестіктермен, сотталғандар оқитын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың әкімшілігімен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;

2) сотқа:

бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда бас бостандығын шектеудегі өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру;

жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами