Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 238 Қаулысымен күші жойылды
Облыс әкімдігінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 401
қаулысына 2 қосымша
Облысы әкімдігінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 401
қаулысымен бекітілген
«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұтынушы - жеке және заңды тұлғалар:
2) уәкілетті орган - ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтың жергілікті атқарушы органның бөлімшесі.
2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Мемлекеттік қызметті уәкілетті органның ветеринариялық дәрігер (ветдәрігер) ұсынады.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабы13)-тармақшасының және 35-бабы 2-тармағының, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесінің 4-бөлімі, «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысының негізінде көрсетіледі.