Введите номер документа
Прайс-лист

«Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 572 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1646 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 20 декабря 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 30 ноября 2015

«Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 572 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1646 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 572 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 38, 332-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидалары»;

1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесін пайдаланушыларға сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардан басқа, жануарлардың мекендеу ортасына жануарларды және олардың будандасқан нысандарын интродукциялауға, реинтродукциялауға, будандастыруға рұқсаттар (бұдан әрі - рұқсат) беру тәртібін айқындайды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами