«Су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 419-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2013 жылғы 3 қаңтардағы № 1-НҚ бұйрығы
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 тамыздағы № 261-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 14-тармағына және 21-тармақтың 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 419-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтерді есептеу әдістемесінде:
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сараланған тарифтерді белгілеу мақсатында жеке тұлғалармен (халықпен) су тұтыну көлемі мынадай тұтыну топтарына бөлінеді:»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Заңды тұлғалар мынадай тұтынушылар топтарына бөлінеді:
1-топ:
- жылу энергиясын өндіру процесінде жеке мұқтаждыққа суды тұтыну көлемі шегінде және ыстық сумен жабдықтау қызметін көрсеткенде толықтыру көлеміне (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесінде) жылу энергиясын өндірумен айналысатын кәсіпорындар;
- бекітілген нормативтік-техникалық ысыраптар көлемдерінің шегінде жылу энергиясын берумен және таратумен айналысатын кәсіпорындар;
- бюджет қаражаттарының есебінен ұсталатын ұйымдар;